Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Бейімбет Майлин ауданы білім бөлімінің Красносельск жалпы білім беретін мектебі» КММ
КГУ «Красносельская общеобразовательная школа отдела образования района Беимбета Майлина» Управления образования акимата Костанайской области |
|
---|
7
Маусым
2024
|
МЕМЛЕКЕТТІК КӨРСЕТІЛЕТІН ҚЫЗМЕТТЕРДІҢ ТІЗБЕСІ:
1. Мектепке дейінгі ұйымдарға жолдама алу үшін мектепке дейінгі жастағы (6 жасқа дейін) балаларды кезекке қою.
2. Балаларды мектепке дейінгі ұйымдарға қабылдау және тіркеу.
3. Білім беру ұйымына қабылдау және тіркеу.
4. Балаларды жалпы білім беретін мекемелер арасында ауыстыру үшін құжаттарды қабылдау.
Жауапты тұлға:
Ионова Дарья Салаватовна
8-705-134-4836
8-71436-29145
5. Негізгі орта, жалпы орта білім туралы құжаттардың телнұсқаларын беру.
6. Педагогтарды аттестаттаудан өту үшін құжаттарды қабылдау.
Жауапты тұлға:
Почекаева Юлия Анатольевна
8-708-838-3893
8-71436-29145
Бастауыш білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының бірінші сыныбына қабылданатын баланың ата-анасынан немесе өзге де заңды өкілдерінен құжаттарды қабылдау ағымдағы күнтізбелік жылдың 1 сәуірінен 31 тамызына дейін жүзеге асырылады.
Өтінішті «egov.kz» платформасында беруге болады. Барлық қадамдарды орындау үшін нұсқаулықты жүктеп алыңыз:
Құжаттар тізімі:
- Медициналық анықтамалар
№ 065/у нысаны «Профилактикалық егу картасы»
№ 052-2/у нысаны «Баланың денсаулық паспорты», Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ – 175/2020 «Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын, сондай-ақ оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтарды бекіту туралы» бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген).
- Баланың 3х4 см көлеміндегі цифрлық фотосуреті.
Жалпы орта білім беретін ұйымдардың 10, 11 (12) сыныптарына оқушыларды қабылдау ұйымның қызмет көрсету аумағында тұратын оқушылардың қолжетімділігін қамтамасыз ете отырып, оқушылардың жеке өтініші немесе олардың ата-аналарының немесе заңды өкілдерінің өтініші және негізгі орта білім туралы мемлекеттік үлгідегі құжаттың болуы негізінде жүзеге асырылады. Өтініштерді қабылдау күнтізбелік жылдың 31 тамызына дейін жүргізіледі.
Өтініш беру «Sakura24.kz» платформасында жүзеге асырылады. Платформаға кіру үшін https://sakura24.kz/ru сілтемесі арқылы өтіп, өз ЖСН-іңізбен жеке кабинет құруға/кіруге болады. Әрі қарай 10-сыныпқа түсетін баланың ЖСН-ін көрсетіп, тізімге сәйкес құжаттарды тіркеу қажет. Мектепті таңдап, автоматты түрде базада қалыптасатын өтінішті жіберіңіз.
Құжаттар тізімі:
- Медициналық анықтамалар:
№ 065/у нысаны «Профилактикалық егу картасы»
№ 052-2/у нысаны «Баланың денсаулық паспорты», Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ – 175/2020 бұйрығымен бекітілген «Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын, сондай-ақ оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтарды бекіту туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген).
- Баланың 3х4 см көлеміндегі цифрлық фотосуреті.